KK
Қолдану туралы
нұсқаулары
2
RU
Инструкция по
эксплуатации
24
UK
Інструкція
48
Пеш
Кухонная плита
Плита
ZCG564G
KZ
RU
UA
62 pages of detailed instruction manual and user guide of exploitation in Russian
Плиты Zanussi Support chat
KK
Қолдану туралы
нұсқаулары
2
RU
Инструкция по
эксплуатации
24
UK
Інструкція
48
Пеш
Кухонная плита
Плита
ZCG564G
KZ
RU
UA

Page 2 Support chat
Мазмұны
Сақтық шаралары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2
Қауіпсіздік нұсқаулары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7
Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ _ 8
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану _ _ _ 8
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес _ _ _ 9
Пештің үсті - Күтіп ұстау жəне тазалау
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану _ _ _ 10
Тұмшапеш - Керек-жарақтарды қолдану
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес _ _ _ 12
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау _ 15
Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 17
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 23
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нəтижесінде адам жарақат
алса жəне ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
Балалар мен дəрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны 8 жасқа толған жəне одан асқан балалар
жəне кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тəжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
• Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
• Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
2
www.zanussi.com

Page 3 Support chat
• Балалар тазалау жəне күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері қолдану
барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерін
ұстамаңыз.
• Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
• Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне
қараусыз қалдыру қауіпті жəне өрт шығуы мүмкін.
• Өртті ешқашан сумен сөндіруге əрекет жасамаңыз, бұндай
жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды қақпақ
немесе өрт басқыш көрпе тəрізді затпен жабыңыз.
• Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
• Пышақ, шанышқы, қасық жəне қақпақ тəрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
• Ашатын кезде қақпаққа төгілген затты тазалаңыз. Қақпақты
жабар алдында пештің үстін салқындатып алыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
• Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің
астына қоймаңыз. Бұл есік немесе
терезе ашылған кезде ыстық ыдыс
құрылғыдан құлап кетпеу үшін қажет.
Электртоғына қосу
3
www.zanussi.com

Page 4 Support chat
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.
• Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр
сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
• Электр сымдарын құрылғының есігіне,
əсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге
болмайды.
• Тоққа қосулы тұрған жəне оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз
алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға
тиіс.
Газға қосу
• Газға қосу жұмыстарының барлығын
білікті маман ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
• Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
əкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату
ережелеріне сай орнатыңыз. Желдету
талаптарының дұрыс орындалуына көз
жеткізіңіз.
Қолданылуы
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
күйіп қалу немесе электр тоғының
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі
жағы ысып кетеді. Құрылғының ішіндегі
қыздырғыш элементтерге қол тигізбеңіз.
Тұмшапештің керек-жарақтарын немесе
тұмшапеш ыдыстарын алып-салған
кезде үнемі қолғап киіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
4
www.zanussi.com

Page 5 Support chat
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
үнемі жабық ұстаңыз.
• Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кəстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
• Құрылғыны қолданып болғаннан кейін
"off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғы орнатылған бөлменің жақсы
желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
• Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың
диаметрлерінен үлкен орнықты
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
• Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына дейін жылдам бұраған кезде,
жалынның өшіп қалмайтынына көз
жеткізіңіз.
• Ыдыстардың шеңберлердің ортасына
орнатылғанына жəне пісіруге арналған
беттің жиектеріне жабысып
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген керек-
жарақтарды ғана қолданыңыз.
• Оттыққа жалын шашыратқышты
орнатпаңыз.
Назарыңызда болсын! Өрт немесе
жарылыс шығу қаупі бар.
• Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады.
Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген
кезде қызған заттарды немесе оттың
жалынын алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын
бу, кенет жарылыстың орын алуына
себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға қарағанда,
төмен температурада өрт пайда болуға
əкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
• Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
• Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
– Пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
– Алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
– суды ыстық құрылғыға тура қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
• Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына əсер
етпейді. Бұл кепілдік заңына сəйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
• Сулы қоспадан жасалған тортты пісіру
үшін шұңғыл табақты қолданыңыз.
Жеміс шырындарынан кетпейтін дақ
қалуы мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс
құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының
бетіне зақым келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
• Құйылған шойын, алюминий немесе
астына нұқсан келген ыдыстар шыны
5
www.zanussi.com

Page 6 Support chat
керамика бетке сызат түсіруі мүмкін.
Бұндай заттарды құрылғының бетінде
үнемі көтеріп жылжыту керек.
Қақпақ
• Қақпақтың техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
• Қақпақты мезгілімен тазалаңыз.
• Қақпақтың бетіне нəрсе шашыраған
кезде ашпаңыз.
• Пештің үсті мен тұмшапеш əбден
суымайынша қақпақты жаппаңыз.
• Шыны қақпақ (егер бар болса) жарылып
кетуі мүмкін.
Газды гриль
Назарыңызда болсын! Өрт жəне
күйіп қалу қаупі бар.
• Тағам қойылған тұмшапеш сөресін ең
үстіңгі деңгейге қоймаңыз.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
өрт қаупі жəне құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
• Оттықтарды ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз.
Ішкі жарық шамы
• Осы құрылғыда тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған жарықтама
шам немесе галоген шамы қолданылған.
Оны бөлмені жарықтандыру үшін
қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
• Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
Қызмет көрсету
• Құрылғыны жөндету үшін
тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Фирмалық
қосалқы бөлшектерді ғана қолдануды
ұсынамыз.
6
www.zanussi.com

Page 7 Support chat
Бұйым сипаттамасы
Жалпы көрінісі
9
1
2
3
4
10
7
1
3
2
6
4 5
8
1
Басқару панелі
2
Пештің үсті
3
Пеш үстін басқаратын тетіктер
4
Тұтату түймешігі
5
Тұмшапеш шамының түймешігі
6
Тұмшапеш функцияларының тетігі
7
Гриль
8
Тұмшапештің шамы
9
Техникалық ақпарат тақтайшасы
10
Сөре деңгейлері
Пісіру алаңдарының орналасуы
1
4
2
3
1
Қосымша оттық
2
Жартылай жылдам оттық
3
Жартылай жылдам оттық
4
Жылдам оттық
Керек-жарақтары
• Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
• Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
• Жалпақ алюминий таба
Торттар мен печеньелерге арналған.
• Гриль дефлекторы
Грильді қолданған кезде дефлекторды
қорғауға арналған.
• Сақтау бөлігі
Тұмшапештің төменгі жағында сақтау
бөлігі орналастырылған.
Бөлікті қолдану үшін астыңғы жақтағы
алдыңғы есікті көтеріп, одан кейін оны
төмен басыңыз.
7
www.zanussi.com

Page 8 Support chat
Назарыңызда болсын! Құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда сақтау бөлігі
ысып кетуі мүмкін.
Бірінші қолданғанға дейін
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін,
тұтқасын əрқашан ортасынан ұстаңыз.
Алғашқы тазалау
• Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш жуғыш заттарды
қолданбаңыз! Құрылғының бетіне нұқсан
келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау жəне тазалау"
тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
Пештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп
жіберу үшін, ең жоғары температураны
орнатыңыз да, бос пешті 45 минут
қыздырыңыз. Пештің керек-жарақтары
қалыпты жағдайда пайдаланған кездегіден
де қызып кетуі мүмкін. Осы кезде иіс
шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай.
Бөлменің жақсы желдетілетініне көз
жеткізіңіз.
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын! Ас үйде ашық
отты пайдаланған кезде өте абай
болыңыз. Жалынды дұрыс пайдаланбау
жағдайлары үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді
Оттықты əрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.
Оттықты жағу үшін:
1. Тұтату түймешігін басып ұстап
тұрыңыз .
2. Дəл осы уақытта басқару тетігін сағат
бағытына қарсы бұрап, ең үлкен мəнге
қойыңыз да , төмен басып оттықты
жағыңыз.
3. Жалынды бірқалыпты жанғаннан кейін
реттеңіз.
Егер бірнеше əрекеттен кейін оттық
жанбаса, шілтер мен қақпақтың дұрыс
тұрғанын тексеріңіз.
3
1
2
1
Оттық табақшасы
2
Оттық шілтері
3
От алдырғыш
Назарыңызда болсын! Басқару
тетігін 15 секундтан артық басып
тұрмаңыз.
Егер оттық 15 секундтан кейін жанбаса,
басқару тетігін босатыңыз, оны өшірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1
минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып
көріңіз.
8
www.zanussi.com

Page 9 Support chat
Өте маңызды! Оттықты электр құралын
қолданбай жағуға болады (мысалы, ас
үйде электр қуаты болмаған кезде). Ол
үшін, жалынды оттыққа жақын əкеліп, тиісті
басқару түймешесін басыңыз да, оны сағат
тілінің бағытына қарсы ең көп газ шығару
қалпына бұраңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса,
басқару түймешесін сөндірулі қалыпқа
бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін
оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін немесе қуат
үзілісінен кейін электр қуатын қосқан
кезде, тұтату генераторы өздігінен іске
қосылуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін түймешені мына белгіге
бұраңыз: .
Назарыңызда болсын! Кəстрөлдерді
оттықтан алардан бұрын үнемі отты
азайтыңыз немесе сөндіріп қойыңыз.
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес
Қуат үнемдеу
• Егер мүмкіндік болса, кəстрөлдердің
қақпағын əрдайым жабыңыз.
• Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
Назарыңызда болсын! Түбі
оттықтың өлшеміне дəл келетін
табалар мен кəстрөлдерді пайдаланыңыз.
Оттық
Ыдыстың диаметрі
Жылдам
160 - 220 мм
Жартылай
жылдам
140 - 220 мм
Қосымша
120 - 180 мм
Түбі барынша қалың əрі мүмкіндігінше тегіс
ыдысты қолданыңыз.
Пештің үсті - Күтіп ұстау жəне тазалау
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
тазалардан бұрын сөндіріңіз де,
суығанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
мақсатында құрылғыны бумен
тазалағыш немесе жоғары қысыммен
тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын! Түрпілі
тазартқыш, болат сымнан жасалған
ысқыш немесе қышқылдарды
қолданбаңыз, олар құрылғыны бүлдіруі
мүмкін.
• Эмальмен қапталған бөліктерін, қақпағы
мен шілтерін тазалау үшін жылы сабын
сумен жуыңыз.
• Тот баспайтын болат бөліктерін сумен
жуыңыз да, жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
• Ыдыс тірегіштер ыдыс жуғыш машинада
жууға төзімді емес; оларды қолмен жуу
керек.
• Тазалап болғаннан кейін таба
тағандарын дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
• Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба
тағандарын орнына қойған кезде абай
болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
9
www.zanussi.com

Page 10 Support chat
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Пештің функциялары
Тұмшапештің төмендегідей функциялары
бар:
Тұмшапеш функциясы
Қолданылуы
Off (сөндірулі)
қалпы
Құрылғыны сөндіруге арналған.
Газ барынша көп
беріледі
Тұмшапештің температурасын реттеуге арналған - ең жоғары
параметр.
Пицца
Пицца дайындауға арналған.
Газ барынша аз
беріледі
Тұмшапештің температурасын реттеуге арналған - ең төмен
параметр.
Гриль
Жайпақ тағамды грильдің ортасында қуыруға арналған. Тост
жасауға арналған.
Тұмшапештің
шамы
Тұмшапештің ішін пісіру функциясынсыз жарықтандыруға арналған.
Бұл функцияны қолдану үшін тұмшапеш шамының түймешігін
басыңыз.
Газ пеште тамақ пісіру
Пешті қолданған кезде, қатты қызып
кетпес үшін оның есігін сəл ашық
қалдырыңыз.
Пештің газ оттығын тұтату:
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Тұтату түймешігін басып ұстап
тұрыңыз. ).
3. Газ пештің басқару тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап ең үлкен
қалпына қойыңыз . Тұтату түймешігін
босатыңыз, бірақ газ пештің басқару
түймешігін осы қалыпта шамамен 15
секунд ұстаңыз. Оны жалын пайда
болғанша босатпаңыз.
4. Гаш пешінің басқару түймешігін
қажетті температураға қойыңыз.
Егер пештің газ оттығы от алмаса
немесе кенет сөніп қалса:
1. Газ пештің басқару түймешесін
босатып, “Off” қалпына қойыңыз. .
2. Пеш есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін пештің газ оттығын
қайта тұтатып көріңіз.
Қолдан тұтату:
Электр қуаты уақытша үзіліп қалса.
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Отты пеш ішінің түбіндегі тесіктің
жанында ұстап тұрыңыз.
3. Сонымен бір мезгілде газ пешінің
басқару түймешігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, ең үлкен
температураға қойыңыз.
4. Жалын шыққан кезде, газ пешінің
басқару түймешігін ең үлкен қалыпта
шамамен 15 секунд ұстап тұрыңыз.
5. Гаш пешінің басқару түймешігін
қажетті температураға қойыңыз.
Отты пештің түбіндегі тесіктер арқылы
бақылаңыз.
Пеш қауіпсіздігі құралы:
10
www.zanussi.com

Zanussi ZCG 564 GW gáztűzhely Márkabolt
My friend is so rich.
He thought Manual labor was a Spanish musician.
Comments not foundFeel free to share your valuable feedback with us.